Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
3. Царств
Параллельные места
Балағам Балақтың жіберген адамдарына мынадай жауап қайырды:— Балақ маған сарайын алтын-күміске толтырып берсе де, мен Құдайым Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығып, не үлкен, не майда-шүйде еш нәрсені де өздігімнен істей алмаймын. Балақ маған сарайын алтын-күміске толтырып берсе де, мен Жаратқан Иенің бұйрығына қарсы шығып, не жақсы, не жаман болсын, еш нәрсені де өздігімнен істей алмаймын. Мен тек Жаратқан Иенің айтқанын ғана айтатын боламын. Мәңгі тірі Құдайыңыз Жаратқан Иенің алдында шын айтамын: қожайыным Ахаб сізді іздетіп, артыңыздан адам жібермеген бірде-бір патшалық та, не халық та қалған жоқ. Олар: «Ол мұнда жоқ» десе, патша олардан сізді таба алмағандары жайлы ант алып отырды. Бірақ Ілияс:— Өзім қызмет ететін мәңгі тірі Әлемнің Иесінің алдында шын айтамын: бүгін мен міндетті түрде Ахаб патшаның алдына барып көрінемін, — деп ант етті. Қайта, Құдай лайықты деп тауып, Ізгі хабарды бізге сеніп тапсырды. Сондықтан біз адамға емес, жүректеріміздің түкпіріндегілерді бақылап отыратын Құдайға ұнау үшін уағыз айтып жүрміз.
3. Царств
Выбор основного перевода