Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
3. Царств
Параллельные места
Жүсіптің айбаты тұңғыш бұқанікіндей,Һәм күші жабайы бұқаның мүйізінікіндей,Соларымен ол күллі бөтен ұлттарды,Тіпті жердің түкпіріндегі халықтардыМүйізімен сүзгеніндей жеңіп шығады.Ефрем руының он мыңдаған адамдарыОсындай әрі Манасаның мыңдағандары». Сонда Жаратқан Ие маған мынаны айтты:— Өзіңе қайыс пен сырықтан мойынтұрық жасап, мойныңа киіп ал. Мұнан кейін мен жоғары қарағанда, көз алдымда тұрған төрт мүйізді көрдім. Өзіммен сөйлескен періштеден:— Мыналар не? — деп сұрадым. Ол маған:— Бұл мүйіздер Яһуданы, Солтүстік Исраилді және Иерусалимді бытыратып жіберген күшті елдерді білдіреді, — деп түсіндірді. Содан соң Жаратқан Ие маған төрт ұстаны көрсетті. Мен:— Мына ұсталар не істейін деп жатыр? — деп сұрадым. Періште былай деп жауап берді:— Әлгі мүйіз іспетті күшті елдер Яһуда халқын ешкім бас көтере алмайтындай етіп бытыратып жіберген еді. Бірақ мына ұсталар сол елдерді қорқытып, жерге құлатып құрту үшін келді.
3. Царств
Выбор основного перевода