Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ақыры патша өтіп бара жатқанда, пайғамбар оған айқайлап, былай деді:— Уа, тақсыр ие, алдыңыздағы құлыңыз шайқасқа қатысқан еді. Сонда бір адам маған қолға түскен жауды тапсырып: «Мынаны күзете тұр! Егер ол қашып кетсе, оның жаны үшін сенің жаның алынады немесе ат басындай күміс айып төлейсің!» деген болатын. Арама патшасы өзінің соғыс күймелерін басқаратын отыз екі басшысына: «Не жасақшылардың біреуімен, не қайсыбір басшымен емес, тек Солтүстік Исраилдің патшасының өзімен ғана шайқасып, соның көзін құртыңдар!» — деп бұйырып қойған болатын. Сол себепті соғыс күймелерін жүргізушілер (патшалық киімдерін киген) Жосапатты көргенде, «Бұл әрине Солтүстік Исраилдің патшасы!» — деп айқай салды. Содан олар оған қарай бұрылып, бас салды. Ал Жосапат (өз ұранын) айқайлап жіберді. Сонда соғыс күймелерін жүргізушілер оның Солтүстік Исраилдің патшасы емес екенін аңғарып, одан кері бұрылып, жібере салды. Ал бір жасақшы садағын кездейсоқ ата салғанда, жебесі Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабқа дәл тиіп, оның сауытының қосылған жеріне қадалды. Ахаб өзінің күймесін жүргізушіге бұйырып: «Күймені бұр да, мені шайқастан алып шық! Жараланып қалдым», — деді. Күні бойы қатты ұрыс болып, Ахаб патша арамалықтарға қарама-қарсы өз күймесінің ішінде тік тұрғызылған қалпы қала берді. Қансыраған патша кешке қарай өлді. Жарақатынан аққан қаны күйменің түбін толтырды. Күн батқанда Исраилдің бүкіл әскер қосы бойынша мына айқай таралды: «Әркім өз қаласына! Өз жерімізге қайтайық! Патша қаза тапты!»Ахабтың мәйіті Самарияға әкелініп, сол қалада қабірге қойылды.
Выбор основного перевода