Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Себебі маған Жаратқан Ие сөзін арнап: «Сол жерде не нан жеп, не су ішпе, әрі келген жолыңмен кері қайтпа!» деп бұйырды. — Ал қарт пайғамбар оған:— Мен де өзің сияқты пайғамбармын. Маған періште келіп, Жаратқан Иенің: «Өз үйіңе алып кел, ол нан жеп, су ішсін!» деген бұйрығын жеткізді, — деді. Бірақ та оның айтып тұрғаны өтірік болатын. Сол қалада тұрып жатқан пайғамбарлар шәкірттері Елішенің алдынан шығып:— Жаратқан Иенің бүгін өзіңнен қожайыныңды алып кететінін білесің бе? — деп сұрады. Еліше:— Әрине, білемін, бұл туралы тіс жармаңдар! — деп жауап қайтарды. Ілияс Елішеге:— Еліше, қалшы осы жерде, Жаратқан Ие мені енді Иерихонға жіберіп отыр! — деді. Бірақ Еліше:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында және сіздің алдыңызда шын айтамын: Мен сізді еш тастамаймын! — деп жауап берді. Сонымен екеуі Иерихонға жетті. Сол маңайда тұрып жатқан пайғамбарлар шәкірттері Елішенің қасына келіп:— Жаратқан Иенің бүгін өзіңнен қожайыныңды алып кететінін білесің бе? — деп сұрады. Еліше:— Әрине, білемін, бұл туралы тіс жармаңдар! — деп жауап қайтарды. Кейінірек Ілияс оған:— Қалшы осы жерде, Жаратқан Ие мені Иорданға жіберіп отыр! — деді. Еліше:— Мәңгі тірі Жаратқан Иенің алдында және сіздің алдыңызда шын айтамын: Мен сізді еш тастамаймын! — деп жауап берді. Сонда екеуі әрі қарай бірге жүре берді. Олар Иордан өзенінің жағасына жетіп тұрған кезде пайғамбарлар шәкірттерінің елуі келіп, біраз алысырақтан оларға қарап тұрды. Бірде пайғамбарлардың біреуінің әйелі Елішеге бас ұрып:— Мырза, менің күйеуім қайтыс болды, оның Жаратқан Иені терең қастерлеп өткенін өзіңіз білесіз. Ал енді, бізге қарыз берген адам екі ұлымды өзіне құл етіп әкетуге келіп отыр, — деді. Еліше Ғылғалға қайтып келгенде, сол жерді аштық жайлаған екен. Пайғамбарлардың шәкірттері оның алдында отырған кезде ол қызметшісіне: «Үлкен қазанды асып, мына адамдарға тамақ пісіріп бер!» — деді.
Выбор основного перевода