Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Келесі жылғы көктемде, патшалар жорыққа шығатын уақытта Дәуіт Жоғабты, өзінің қызметшілерін және Исраилдің бүкіл әскерін жауға қарсы аттандырды. Олар аммондықтарды жаппай қырып, астаналары Раббаны қоршап алды. Бірақ Дәуіттің өзі Иерусалимде қалып қойды. Сол кезде бір пайғамбар Солтүстік Исраилдің патшасы Ахабтың қасына барып, оған былай деді:— Жаратқан Ие мынаны айтады: Сол орасан зор әскерді көріп тұрсың ба? Біліп қой, Мен оларды бүгін-ақ сенің қолыңа тапсырамын. Сонда сен Менің Жаратқан Ие екенімді білетін боласың! — Келесі жылғы көктемде Бен-Хадад арамалықтардың жасақшыларын түгендеп жинап, Исраилмен соғыспаққа Әфек қаласына қарай өрлей аттанды.
Выбор основного перевода