Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Аса патша Жаратқан Иенің киелі үйінің және өз сарайының қазыналарында қалған барлық алтын-күмісті алды. Оларды қызметкерлерімен Арама елінің Дамаск қаласында тұратын патшасы Бен-Хададқа жіберді. Ол Табримонның ұлы, Хезионның немересі болатын. Аса патша оған мынадай сәлемін де жолдады: Бен-Хадад Аса патшаның өтінішіне құлақ асып, өзінің қолбасшыларын Солтүстік Исраилдің қалаларына қарсы аттандырды. Олар Ион, Дан, Әбел-Бет-Маха қалаларын әрі бүкіл Кінерет аймағын Нафталим руының күллі жерімен қоса басып алды. Кейін Омри Шемер деген біреуден Самариядағы қыратты екі ат басындай күміске сатып алды. Патша қыратты айналдыра қамал салып, ішіне жаңа қала тұрғызды. Ол қаланы қыраттың бұрынғы иесі Шемердің есімімен Шомрун яки Самария деп атады. Арама патшасы өзінің соғыс күймелерін басқаратын отыз екі басшысына: «Не жасақшылардың біреуімен, не қайсыбір басшымен емес, тек Солтүстік Исраилдің патшасының өзімен ғана шайқасып, соның көзін құртыңдар!» — деп бұйырып қойған болатын. Алайда осыдан едәуір уақыт өткеннен кейін Арама патшасы Бен-Хадад өзінің бүкіл әскерін жинап, Самарияға аттанып, қаланы қоршап алды. Соның кесірінен қалада қатты ашаршылық басталды. Жаудың қоршауы ұзаққа созылғандықтан, есектің басы сексен мысқал күміске, ал бір уыс (отындық) кептер қиы бес мысқал күміске сатылатын болды. Бірде Исраил патшасы қала қамалының қабырғасымен кетіп бара жатқанда, бір әйел оған:— Уа, патша ием, көмектесе көріңіз! — деп зарлап айқай салды. Патша оған:— Жаратқан Иенің Өзі көмектеспесе, мен қайдан саған көмектесемін? Өз қырмандарым мен күбілерімде түк қалмады, — деп жауап қайтарып, — Жарайды, не айтайын деген едің, айта бер, — деп қосты. Әйел былай деді:— Мына әйел маған: «Сенің балаңды бүгін жейік, менікін ертең жейміз» деп ұсынған еді. Осылайша менің баламды екеуіміз асып жедік. Келесі күні мен оған: «Енді сен балаңды бер, жейік!» десем, ол оны бір жерге тығып тастапты! Бірде Еліше Дамаск қаласына барды. Сол кезде Арама елінің патшасы Бен-Хадад ауырып жатқан болатын. Еліше туралы патшаға: «Құдайдың адамы осында», — деп баяндалғанда,
Выбор основного перевода