Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Әбенир Хебронға қайтып келгенде, оңаша бір жерде сөйлесемін деп Жоғаб оны қала қақпасының бір қалтарысына алып шықты. Кенеттен оның ішіне семсерін кірш еткізіп сұғып алды. Әбенир Жоғабтың бауыры Асахилдің қанын төккені үшін сол жерде осылай мерт болды. Патша Жоғаб, Әбішай және Іттайға: «Жас жігіт Абессаломға мен үшін мейірімді бола көріңдер!» — деп бұйырған болатын. Патшаның қолбасшылардың әрқайсысына Абессалом туралы осындай әмір бергенін бүкіл жасақ естіп тұрды. Сол адам Жоғабқа:— Тіпті қолыма мың мысқал күміс берсеңіз де, мен патшаның ұлына қарсы қол көтермес едім. «Жас жігіт Абессаломға мен үшін мейірімді бола көріңдер!» деп патшаның сізге, Әбішай мен Іттайға айтқанын бәріміз де өз құлағымызбен естігенбіз. Жоғаб оған:— Сенімен айтысып уақытымды босқа өткізбей-ақ қояйын! — деді де, қолына үш найза алып, оларды еменде ілініп тұрған әлі де тірі Абессаломның жүрегіне қадай салды. Амаса Жоғабтың сол қолындағы семсерді байқамады. Сонда Жоғаб семсерін оның ішіне сұғып қалып, ішек-қарны жерге ақтарылып түсті. Жоғаб Амасаны екінші рет соқпай-ақ, өлімші етіп жарақаттады.Бұдан кейін Жоғаб пен оның інісі Әбішай бүлікшіл Шебаның соңынан қуып кетті.
Выбор основного перевода