Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сүлеймен соғыс күймелері мен аттарды жинап, жасақтады. Оның бір мың төрт жүз соғыс күймесі мен он екі мың жылқысы болды. Оларды соғыс күймелеріне дайындалған арнайы қалаларында және өзінің қасында астанасы Иерусалимде ұстады. Патша Иерусалимде алтын мен күмісті тас сияқты үйреншікті нәрсе әрі шетелден әкелінетін қымбат самырсындарды өз елінің төменгі қыраттарында көптеп өсетін тұт ағаштары іспетті мол етті. Сүлеймен жылқыларын Мысыр мен Қуадан алдыртты. Патшаның саудагерлері оларды белгілі бағаға Қуа елінен сатып алатын. Саудагерлер әрбір күймені алты жүз мысқал, әрбір жылқыны жүз елу мысқал күміске Мысырдан сатып алып келетін. Олар сол тауарлардың бірқатарын күллі хеттік және арамалық патшаларға да жеткізіп, сатып отырды. Сүлейменнің төрт мың жылқыға арналған қоралары әрі он екі мың жылқысы болды. Патша, сондай-ақ, астық сақтау үшін қойма қалаларын және соғыс күймелері мен атты әскерінің жылқылары үшін арнайы қалаларды да салғызды. Жалпы, ол Иерусалимде, Ливан тауларында және өзінің билігіне бағынатын барлық жерде саламын дегендерінің бәрін де жүзеге асырды. Патшаның аттары мен соғыс күймелеріне арналған төрт мың қорасы болды; жылқыларының жалпы саны он екі мың еді. Оларды соғыс күймелерінің арнайы қалаларында және өзінің қасында астанасы Иерусалимде ұстады.
Выбор основного перевода