Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сүлейменнің зор даңқы туралы Сәба елінің патшайымы естіген еді. Содан ол Сүлейменге қиын сауалдар қойып, даналығын сынамақшы болды. Патшайым көп нөкерін ертіп сапарға шығып, ұлан-ғайыр байлықпен Иерусалимге келді. Түйелеріне хош иісті заттар, мол алтын мен асыл тастар артылған болатын. Сүлеймен қонақты қарсы алып, сарайына кіргізді. Патшайым ойындағы бар мәселелер жайлы онымен сөйлесті. Сүлеймен солардың бәріне жауап берді. Патша білмей, түсіндіре алмаған бірде-бір сауал болған жоқ. Сәбаның патшайымы Сүлейменнің асқан даналығын және салғызған (зәулім) сарайын көріп, қайран қалды. Ол патшаның дастарқанындағы тамақтарын, уәзірлерінің мәжілістерін, сәнді киінген нөкерлері мен шарапшыларының келісті қызметтерін әрі Сүлейменнің Жаратқан Иенің киелі үйіне көтеріліп барып, құрбандықтар шалғызып өртеткенін де бақылады. Патшайымның таңғалғаны сонша, демін ала алмай үнсіз қалды. Содан ол патшаға тіл қатып былай деді: «Сіздің іс-әрекеттеріңіз бен даналығыңыз туралы елімде жүріп естігендерімнің бәрі де шындық екен. Алайда келіп, өз көзіммен көргенге дейін сол сөздерге сенбеген едім. Енді даналығыңыздың одан да зор екенін көріп отырмын. Расында оның тіпті жартысы туралы да естімеппін! Мына адамдарыңыз қандай бақытты! Әрқашан қасыңызда жүріп, даналығыңызды тыңдай алатын нөкерлеріңіз қандай бақытты! Сізге риза болып, уәкілі ретінде Өзінің патшалық тағына отырғызған Құдайыңыз Жаратқан Ие мадақталсын! Құдайыңыз Исраилді қатты сүйіп, оны осы елде тұрақты орналастыруды көздейді. Сол себепті халыққа сізді қара қылды қақ жарып әділдік пен адалдықты ұстанатын патша етіп қойды». Сәба патшайымы осылай деп, патшаға жүз жиырма ат басындай алтын әрі орасан зор мөлшерде хош иісті заттар мен асыл тастарды тарту етті. Оның Сүлейменге сыйлағанындай жоғары сапалы хош иісті заттар бұрын болған емес. Сол сияқты, Хирам мен Сүлейменнің қызметкерлері Опыр жерінен алтынмен бірге қызыл сандал ағашының бөренелері мен асыл тастарды да алып келетін. Сүлеймен патша осы қызыл сандал ағашынан Жаратқан Иенің киелі үйі және өзінің сарайы үшін баспалдақтар және әнші-күйшілерге арнап жетіген мен шертер аспаптарын жасатты. Сапасы осындай жоғары бұйымдар Яһуда елінде бұрын ешқашан болмаған еді. Сүлеймен патша Сәба патшайымына әкелгендерінен әлдеқайда көп мөлшерде сый-тартулар беріп, оның үстіне оны сұрағандарының бәрімен де қанағаттандырды. Мұнан соң патшайым нөкерлерін ертіп өз еліне қайтып кетті. Самсон соларға былай деді:— Мен сендерге бір жұмбақ айтайын. Егер жеті күн той тарқамайынша оны шешсеңдер, сендерге отыз бәтес жамылғы мен отыз киім беремін. Тарсис пен аралдардың патшаларыПатшаңа алым-салық төлеп тұрады,Әрі Себа мен Сәбаның патшаларыСый-тартулар әкеліп отырады. Ғұмыры патшаның ұзақ болсын,Оған Сәбаның алтынынан сый тартылсын,Лайым жұрт патшасы үшін мінажат қылсын,Күн сайын жарылқануы үшін Тәңірге сиынсын! Жеріңді түйелер қаптайды. Мадиян мен Ефа халықтарынан желмая түйелер айдалып, сәбалық керуендер де саған жиі тоқтайтын болады. Олар алтын мен хош иісті заттар тасып әкеліп, Жаратқан Иенің ұлылығын жырлап паш етеді». Ежелгі Оңтүстік Арабияның патшайымы да қиямет күні осы ұрпақпен бірге сот алдында тұрып, оның қиқарлығын әшкерелейді. Себебі патшайым Сүлеймен патшаның даналық сөздерін тыңдау үшін жердің қиыр шетінен келді. Ал мұнда Сүлеймен патшадан да мәртебесі зор Біреу бар! (Алайда сендер Маған құлақ аспайсыңдар!)
Выбор основного перевода