Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өз халқыңның істеріне әділ шешімдерді жасап, дұрыс пен бұрысты ажырата алуым үшін айтқандарыңа құлақ түріп, түсінетін жүрек сыйлай гөр! Онсыз Сенің осыншама көп халқыңа билік жүргізу ешкімнің қолынан келмейтін іс. Біліп қой, сол үшін Мен өтінішіңді орындап, саған даналық пен түсінік сыйлап отырмын. Мұндай даналық пен түсінік сенен бұрын ешкімде болмаған, өзіңнен кейін де ешкімде болмайды. Бүкіл Исраил халқы Сүлеймен патшаның шығарған әділ шешімі туралы естігенде, патшаны қатты қастерлейтін болды. Себебі олар әділдікті жүзеге асыратын Құдайдың даналығы патшада бар екендігіне көздерін жеткізді. Сүлейменнің даналығы шығыс елдері мен Мысыр елінің кемеңгерлерінің ақыл-парасатынан да асып түсті.
Выбор основного перевода