Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Бұдан кейін исраилдіктердің жасап алған жас бұқа мүсінін алып, отқа салып құртты. Одан қалғанын ұнтақтап үгіп, суға араластырды да, соны халыққа ішкізді. Сендердің жалған тәңірлерге табынатын биіктеу жерлердегі орындарыңды қиратамын, оларға арнап хош иісті зат түтететін үстелдеріңді талқандаймын. Өздеріңнің өліктеріңді өлі тәңірлеріңнің сынған мүсіндерінің үстіне үйіп тастап, сендерден әбден жиренетін боламын. Бұдан соң патша бас діни қызметкер Хелкияға, дәрежесі одан кейінгі діни қызметкерлерге және қақпа күзетшілеріне: «Жаратқан Иенің ғибадатханасынан Бағалға, Ашераға, аспан денелерінің бүкіл тобына табынуға бағышталған күллі құрал-жабдықтарды алып шығыңдар!» — деп тапсырды. Жосия патша бұлардың барлығын Иерусалимнің сыртындағы Қидрон сайының егістіктерінде өртеп, күлін Бетел қаласына апарып тастады.
Выбор основного перевода