Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Күздің басы — жетінші ай басталғанда бүкіл халық бір адамдай Су қақпасының алдындағы алаңға жиналып келді. Олар дін мұғалімі Езрадан Жаратқан Иенің Мұса арқылы Исраилге табыстаған Таурат заңының шиыршық кітабын әкелуін өтінді. Сонда діни қызметкер Езра Таурат заңын бүкіл жамағаттың алдына алып шықты. Жиналғандар еркектер мен әйелдер және тыңдап, оқылғанды түсіне алатын балалар болды. Бұл жетінші айдың бірінші күні болатын. Езра Су қақпасының алдындағы алаңда жиналған бүкіл жамағатқа Таурат кітабын күн шыққан кезден бастап, түске дейін дауыстап оқып берді. Халықтың бәрі Таураттың сөздерін құлақ түріп тыңдап тұрды.
Выбор основного перевода