Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Құдайларың Жаратқан Иеге арнап салған құрбандық орындарыңның жанына жалған тәңір Ашераға бағышталған ешқандай ағаш бағаналар орнатпаңдар! Оның тыйым салғанын істейді дейік: ол адам жалған тәңірлерге, яки күн, ай не басқа да аспан денелеріне жүгініп құлшылық етіп табынады. Сонымен қатар ол Яһуданың бұрынғы патшалары Яһуданың қалалары мен Иерусалимнің айналасындағы биіктеу жерлердегі табыну орындарында хош иісті заттарды түтетуге тағайындаған діни қызметкерлерді орындарынан алып тастап, қырып-жойды. Олар Бағалға, күн мен айға, шоқжұлдыздар мен басқа да бүкіл аспан денелеріне арнап хош иісті заттарды түтетіп ұсынатын еді. Жосия Жаратқан Иенің киелі үйінен Ашераның ағаш бағанасын алып шығып, Иерусалимнің сыртындағы Қидрон сайына апарды. Сол жерде оны өртеп ұнтақтап, күлін жай адамдардың қабірлерінің үстінен шашып тастады. Олар алдымен Иерусалимдегі жалған тәңірлерге бағышталып шалынған құрбандықтар өртелетін және хош иісті заттар түтетілетін үстелдерді қиратып, қала сыртындағы Қидрон сайына апарып, лақтырып тастады. Мейрам біткеннен кейін оған қатысқан исраилдіктердің барлығы Яһуданың қалаларына барып, олардағы жалған тәңірлерге бағышталған тас мүсіндерді қиратып, Ашераға арналған ағаш бағаналарды шауып тастап, биіктеу жерлердегі табыну орындарын және құрбандық үстелдерін талқандады. Олар Яһуда мен Бунямин руларының жерлерінің бәрінде әрі Ефрем мен Манаса руларының жерлерінде сол табыну орындарын түгелімен жойып тастады. Бұдан кейін исраилдіктер өз қалалары мен үй-жайларына қайтты. Ал Құдай халықтан сырт айналып кетті де, оларды аспан денелеріне құлшылық етуге қалдырды. Осы туралы Пайғамбарлар жазбаларында былай деп жазылған: «Уа, Исраилдің үрім-бұтағы, сендер қырық жыл бойы айдаланы кезіп жүрген ежелгі уақыттарыңда құрбандыққа мал шалып, басқа да сый-тартулар ұсынғанда соларыңды Маған бағыштадыңдар ма?
Выбор основного перевода