Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Амон патша болған кезде жасы жиырма екіде еді. Ол Иерусалимде екі жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні жотбалық Харус қызы Мешулемет болатын. Амон әкесі Манаса істегендей, Жаратқан Иеге жек көрінішті істер істеді. Амон толығымен әкесінің теріс жолымен жүріп, әкесі табынған жалған тәңірлердің мүсіндеріне өзі де иіліп құлшылық етіп жүрді. Осылайша Амон өзінің ата-бабалары сиынған Құдайы Жаратқан Иені елемей тастап кетіп, Оның ізгі жолымен жүруден бас тартты. Ақырында нөкерлері Амонға қарсы сөз байласып, оны өз сарайында өлтірді. Ал елдің халқы Амон патшаға қастандық жасағандардың бәрінің көздерін құртып, Амонның орнына оның ұлы Жосияны патша етіп қойды.
Выбор основного перевода