Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Патша оларға нұсқау беріп былай деді: «Сендер леуілік әулеттердің басшыларысыңдар. Өздерің де, басқа леуіліктер де арамдық атаулыдан арылып тазару рәсімінен өтіңдер! Содан соң Исраилдің Құдайы Жаратқан Иенің Келісім сандығын алып, оны мен сол үшін дайындап қойған орынға апарыңдар! Олар бауырларын жинап алып, бәрі тазару рәсімінен өтті. Бұдан кейін патша әмір еткендей, Жаратқан Иенің еркіне сай Оның ғибадатханасын тазартуға кірісті. Ал діни қызметкерлер аз болып, олар шалынып, өртелетін құрбандықтардың терілерін сыдырып үлгіре алмады. Сондықтан басқа діни қызметкерлер тазару рәсімінен өтіп болғанға дейін, рулас бауырлары, леуілік қызметшілер, оларға жұмыстарын бітіргенше көмектесе тұрды. Бұлар тазару рәсімінен өтуге діни қызметкерлерден гөрі көбірек көңіл бөлетін еді. Қазір Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалу керек. Сендер Жаратқан Иеге бағышталып тазару рәсімінен өтіп, Оның Мұса арқылы жіберген ережелеріне сәйкес құрбандық тоқтыларды елдестерің үшін дайындаңдар!» — деді. Діни қызметкерлер мен леуіліктердің барлығы да тазару рәсімінен өтіп қойған болатын. Леуіліктер қайта оралған халықтың бәрі үшін де, өз руластары — діни қызметкерлер және өздері үшін де Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалды. Бағыштау рәсімі басталмас бұрын діни қызметкерлер мен леуіліктер тазару рәсімінен өтіп, өздерін қайтадан Жаратқан Иенің қызметіне бағыштады. Содан олар халыққа, қақпаларға және қабырғаға тазару рәсімін жасап оларды Жаратқан Иеге бағыштады.
Выбор основного перевода