Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Адам жас бұқаны Жаратқан Иенің алдында шалсын. Һаронның ұлдары — діни қызметкерлер құрбандықтың қанын алып келіп, одан кездесу шатырының кіреберісінің алдында тұрған құрбандық үстеліне барлық жақтарынан бүркіп шашсын. Содан соң адам шалынған құрбандықтың терісін сыдырып алып тастап, денесін мүшелеп бөлсін. оларға былай деп тіл қатты:— Уа, леуіліктер, сөзіме құлақ салыңдар! Ата-бабаларыңның сиынған Құдайы Жаратқан Иеге бағышталып тазару рәсімінен өтіңдер. Содан кейін Оның ғибадатханасын тазартыңдар. Осы киелі орынды арамдайтын нәрселердің бәрін де шығарып тастаңдар! Себебі діни қызметкерлердің тазару рәсімінен өткендерінің саны жеткіліксіз болды, оның үстіне халық та Иерусалимге жиналып үлгермеген еді. Патшаның бұйрығы бойынша жаршылар бүкіл Исраил мен Яһуданы аралап, патша мен оның әміршілерінің мына сөздерін халыққа таратты:«Уа, Исраил халқы, Ыбырайым, Ысқақ, Исраилдың сиынған Құдайы Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрыңдар! Сонда Ол Ассур патшасының шеңгелінен аман қалған сендерге де қайтадан бетін бұрмақ. Халықтың арасында әлі де тазарып, дайындалмағандар көп болды. Жаратқан Ие олардың да құрбандықтарын қабылдай көрсін деп леуіліктер солар үшін Құтқарылу мейрамына арналған тоқтыларды шалды. Тоқтылар құрбандыққа шалынды. Діни қызметкерлер қанын құрбандық үстеліне бүркіп, леуіліктер терілерін сыдырды.
Выбор основного перевода