Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Һарон күн сайын таңертең шамдарды реттеп дайындаған кезде үстелдің үстінде хош иісті заттарды түтетуі керек. Жаратқанның жалғыз Өзі халқын бастады,Қасында ешқандай бөгде тәңір болмады. Ұзияхтың қалған барлық іс-әрекеттері туралы «Яһуда патшаларының жылнамалары» кітабында баяндалған. Дамаскіден қайта оралғаннан кейін патша жаңадан салынған құрбандық үстелін қарап шығып, жанына көтеріліп барды. Оның үстінде өзінің түгелдей өртелетін құрбандығы мен астық тартуын өртеп, сұйық тартуын және ризашылық білдіретін құрбандығының қанын төгіп (жалған тәңірлерге) ұсынды. Расында Құдайға лайықты үй салып беруге кімнің шамасы жетеді?! Тіпті ұлан-ғайыр көктің өзі Оны сыйғыза алмайды! Мен де Оған арнап киелі үй салатындай кіммін сонша? Тек Оның алдында арнайы сый-тартуларды өртеп ұсынатын орын дайындамақпын. Сен: «Міне, мен Едомды жеңдім!» деп, паңдана өркөкіректеніп кетіпсің. Алайда өз сарайыңда қалсаң игі болады. Басыңа пәле іздеп, не қыласың?! Әйтпесе Яһудаңмен қоса құрып кетесің! Бірақ Езекия өркөкіректеніп, осы көрген жақсылығына шүкірлік етпеді. Сонда Жаратқан Ие оған және Яһуда мен Иерусалимнің халқына қаһарланды. «Пендем, Тирдің әміршісіне мына хабарымды жеткіз: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Жүрегің мейлінше асқақтап сен өзің туралы: «Мен тәңірмін, теңіз ортасындағы тәңір тағында отырмын!» дейсің. Өзіңді тәңірмін деп сезінесің, бірақ сен Құдай емес, жай ғана пендесің! Расында да сауданы жетік білуіңмен сен байлық-дәулет пен күш-қуатыңды нығайттың. Содан да жүрегің мейлінше менменсіп кетті». Өйткені әсем келбетіңнен асқақтап кеткен едің. Нұрлы салтанатыңа салынғаныңа бола даналығыңды бүлдірдің. Содан Мен сені жерге, басқа патшалардың алдына лақтырдым, олар саған қызыға қарайтын болды.
Выбор основного перевода