Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
2. Паралипоменон
Параллельные места
Яһуданың бүкіл халқы он алты жасар Ұзияхты әкесі Амасияхтың орнына патша етіп тағайындады. Әкесі көз жұмып, ата-бабаларының қасына жөнелгеннен кейін, Ұзиях (Қызыл теңіздің шығанағындағы) кеме тоқтайтын Елат қаласын қайтадан салғызып, Яһуда еліне қосты. Сол кезде Ұзияхтың жасы он алтыда еді. Ол Иерусалимде елу екі жыл билік жүргізді. Оның шешесінің аты-жөні иерусалимдік Ехолия болатын. Дегенмен биіктеу жерлердегі табыну орындары қиратылып тасталмады. Халық бұрынғыдай сол жерлерде хош иісті заттарды түтетіп ұсынуларын жалғастыра берді.
Выбор основного перевода