Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Ысқақ Рабиғаны өзінің марқұм анасы Сараның шатырына кіргізіп, оған үйленді. Қалыңдығы Ысқаққа қатты ұнады. Содан оның анасы қайтыс болғаннан кейінгі қайғысы сейілді. Қасына ұл-қыздары келіп, әкелерін жұбатпақшы болды. Бірақ ол: «Мен о дүниеге ұлымның қасына аттанғанша қайғырып өтемін», — деп жұбанбады. Әкесі ұлын осылайша зар жылап жоқтай берді. Бірақ Дәуіт олардың өзара сыбырласып тұрғанын байқап, ұлының өлгенін түсінді. Содан ол:— Бала шетінеді ме? — деп сұрады. Қызметкерлері:— Ол көз жұмды, тақсыр, — деп жауап берді. Сонда Дәуіт жерден тұрып, жуынып, әдеттегідей маймен сыланып, киімін ауыстырды. Жаратқан Иенің киелі үйіне барып, иіліп ғибадат етті. Мұнан кейін үйіне қайта оралып, тамақ сұрап, алдына қойылғанды жеп алды. Қызметкерлері Дәуіттен:— Бұл қалай? Балаңыз тірі кезінде ораза ұстап, жылаумен болдыңыз. Алайда балаңыз шетінегеннен кейін орныңыздан тұрып, тамақ жедіңіз? — деп сұрады. Дәуіт:— Балам тірі кезінде «Кім біледі, мүмкін, Жаратқан Ие маған мейірімін түсіріп, балам тірі қалар?» деген оймен ораза ұстап, жалбарына жыладым. Бірақ ол, міне, көз жұмды. Неге енді ораза ұстауым керек? Бәрібір оны қайтара алмаймын ғой. Мен оған барармын, бірақ ол маған қайтып келмейді! — деп жауап берді.
Выбор основного перевода