Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Көп уақыт өткен соң Яһуданың өз әйелі — Шуаның қызы қайтыс болды. Аза тұту мерзімі аяқталысымен Яһуда адулламдық досы Хирахпен Тимнада қойларын қырықтырып жатқан адамдарына өрлеп бару үшін жолға шықты. Ал Тамарға біреулер: «Қайын атаң қойларын қырықтыруға Тимнаға қарай өрлеп бара жатыр», — деп хабарлады. Мағон қаласында бір өте бай адам тұрып жатты. Оның үш мың қойы, бір мың ешкісі және көршілес Кәрмел қаласының маңында жайылымдық жері де бар болатын. Әбигел үйіне қайтып келгенде, Набал патшаның тойындай етіп дүркіретіп той өткізіп жатыр екен. Көңілі көтеріңкі, өзі әбден мас болып алыпты. Әйелі оған таңертеңге дейін ләм-мим деген жоқ.
Выбор основного перевода