Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Абессалом Дәуіттің жасақшыларына күтпеген жерден кездесті. Ол өзінің қашырына мініп қашып бара жатқанда, қашыры үлкен еменнің бұтақтарының астынан шауып өте берді. Сол кезде Абессаломның шашы емен ағашының қалың бұтақтарына шырмалып, ілініп қалып, өзі әуеде салбырап қалып қойды. Ал қашыры ілгері қарай шауып кетіп қалды. ол былай деп бұйырды:— Патша нөкерлерін ертіп алыңдар! Ұлым Сүлейменді өзімнің қашырыма мінгізіп, Гихон бұлақ көзіне ылдилап алып барыңдар. Содан соң діни қызметкер Садық, Натан пайғамбар, Еходай ұлы Бенаях және кереттік, пелеттік ұлан бөлімдері Сүлейменді патшаның қашырына мінгізіп, Гихон бұлақ көзіне ылдилап ертіп алып барды.
Выбор основного перевода