Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Екіншісі — Хилеяба, ол кәрмелдік Набалдың жесірі Әбигелден туды. Үшіншісі — Абессалом, оның шешесі Гешур патшасы Талмайдың қызы Маха болатын. Осы аралықта Абессалом қашып кетті.Күзетте тұрған жас жігіт жоғары қарағанда, ар жақтағы қыраттың жолымен келе жатқан көп адамды көрді. Күзетші тездетіп патшаға барып, оған: «Қыраттың етегіндегі Хоронаим жолымен келе жатқан көп адамды көрдім», — деп мәлімдеді. Осыдан кейін Жоғаб шығып кетті де, Гешурге бет алды. Сол жерден ол Абессаломды Иерусалимге қайтарып алып келді. Абессалом Жоғабқа:— Маған келіп, патшаға: «Мені неге Гешурден қайтарып әкелдіңіз? Менің сол жерде қала бергенім артық болар еді!» деген сәлемімді жеткізуге сізді шақырған едім ғой! Ал енді, мен патшаның бет-жүзін көргім келеді. Егер менің бір кінәм болса, патша мені өлімге бұйыртсын! — деп жауап берді.
Выбор основного перевода