Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сол екі арада даладан Жақыптың ұлдары да оралды. Не болғанын естігенде жігіттер қатты ренжіп, бойларын ашу кернеді. Себебі Сихем қызды зорлауымен Исраилдің бүкіл әулетін масқаралап, болмауға тиіс қылмыс жасаған еді. Өзіңнің бірге туған әпке-қарындасыңның немесе өзіңмен жартылай қандас не әкеңнің, не шешеңнің қызымен де жақындаспа! Ол сенімен бірге туып-өсті ме, жоқ па, бәрібір, оның абыройын төкпе! Әкеңнің басқа әйелінен туған қызымен де жақындаспа! Ол сенің әпке-қарындасың ғой. Егер ер адам өз қарындасымен не әпкесімен жақындасып, бір-бірінің жалаңаш тәндерін көретін болса, тіпті ол әкесінің не шешесінің қызы (яғни өзімен тек жартылай ғана қандас) болсын, бәрібір, бұл — масқара. Оларды халықтың көзінше құрту керек. Адам өзінің туған қарындасының не әпкесінің абыройын төккендіктен оның айыбы өз мойнында. Үй иесі сол бұзақылардың алдына шығып:— Оу, ағайындар, мұндай жамандыққа бармаңдар! Сол адам — менің қонағым, оған масқаралық жасай көрмеңдер! Мен әйелдің мәйітін бөлшектеп, Исраилдің бүкіл мұралық жеріне таратып жібердім. Өйткені олар Исраилде масқара сұмдық істеді. Алайда Мен сол иен далада оларды басқа халықтардың арасына шашыратып, бөтен елдерге таратып жіберемін деп салтанатты түрде ант еттім.
Выбор основного перевода