Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылайша Моаб пен Мадиянның ақсақалдары Балағамға сәуегейлігі үшін беретін сый-тартуын ала шығып, Балақтың айтып жібергенін жеткізді. Оған он күлше нан, бірсыпыра тәтті нан және бір құмыра бал ала бар. Ұлымызбен не болатынын ол саған айтып бере алады». Сол кезде Бағал-Шалишадан бір адам келіп жетті. Ол Құдайдың пайғамбарына өзінің сол жылы жиған алғашқы арпасынан пісірілген жиырма таба нан әрі жаңа жиналған бидайдың масақтарын дорбасына салып ала келді. Еліше өзінің қызметшісіне:— Мына нанды шәкірттерге жеуге бер! — деді. Содан Нағыман барлық қызметшілерімен бірге Құдайдың адамына қайтып барды да, оған:— Міне, енді бүкіл дүние жүзінде Исраилдің сиынатын Құдайынан басқа шынайы құдайдың жоқ екеніне көзім жетіп отыр. Сондықтан өтінемін, менен мына сыйлықты қабылдай көріңіз! — деп сый-тартуын ұсынды. патша нөкерлерінің бірі — Хазаилге былай деп тапсырды. «Сыйлық алып, Құдайдың адамына барып кел! Ол Жаратқан Иеден: «Осы аурудан жазылар ма екенмін?» деп сұрай көрсін».
Выбор основного перевода