Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осылай Құдай Исраил халқының мүшкіл халіне назар аударып, олардың қамдарын ойлады. Жаратқан Ие:— Мен халқымның Мысырда шеккен жәбіріне назар аударып, олардың айдаушыларынан қаналып, қинала айқайлағандарына құлақ салып келемін; олардың көрген азаптарын түгел білемін. Енді мынаны біліп қой: исраилдіктердің қинала айқайлаған дауыстары құлағыма жетіп, Мен мысырлықтардың оларды аяусыз қанағандарын көріп тұрмын. Самуил майға толған құтысын алып, одан Саулдың басына құйды. Оның бетінен сүйіп, былай деді:— Біліп қой, Жаратқан Ие сені Өзінің меншігінің басшысы етіп тағайындады! Петір көрген аяны туралы әлі ойланып тұрғанда, Киелі Рух оған: «Қарашы, сені үш кісі іздеп келді. Орныңнан тұрып, жерге түс; ойланбай-ақ солармен бірге жолға шық! Себебі оларды Мен жібердім», — деп тапсырды.
Выбор основного перевода