Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Осы қошқардың бүкіл майларын ал: майлы құйрығын, шарбы майын, бауырының үстіндегі көк етін, қос бүйрегін майларымен бірге әрі оң жақ сан етін. Себебі ол — діни қызметкерлерді тағайындау рәсіміне арналған қошқар. Сол құрбандық қошқарының Һарон мен ұлдарына арналған үлестерін өздеріне табыста: жоғары көтеріліп, Тәңір Иеге ұсынылған оң жақ сан етін және тербетіліп ұсынылған төс етін. Жаратқан Иемен қарым-қатынасыңа ризашылығыңды білдіретін құрбандығың ретінде шалынған малыңның оң жақ сан етін діни қызметкерге көтеріп ұсынылатын тарту ретінде бер. Осы оң жақ сан еті құрбандықтың қанын бүркіп, майын өртеп ұсынған діни қызметкердің сыбағасы болып табылады. Ал олардың еті, әрі-бері тербеліп ұсынылатын көкірек еті мен оң жақ саны сияқты, сендерге тиісті үлес болады.
Выбор основного перевода