Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие аморлықтарда Исраилден зор үрей туғызып, исраилдіктер Гибеонның маңында жауға қатты соққы берді. Оларды Бет-Хорон асуына апаратын жолдың бойымен қуа отырып, Әзека, Макед деген жерлерге жеткенге дейін көбін қырып тастады. Оның діни қызметкерлерінің арасындаМұса мен Һарон болды ежелгі заманда.Атын атап Оған сиынғандар арасындаСамуил пайғамбар да болды баяғыда,Жаратқан құлақ салды олар сиынғанда. Сонда Жаратқан Ие маған тіл қатып былай деді:— Тіпті Мұса мен Самуил осында Менің алдымда тұрып, олар үшін өтініш жасаса да, бәрібір бұл халыққа жаным ашымас еді. Халықты Менің көз алдымнан қуып жіберіңдер, кетсін!
Выбор основного перевода