Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда Дан мен Бер-Шебаның арасында жатқан бүкіл елден және оған қоса Ғилақад аймағынан Исраил халқы Миспаға жиналып, барлығы бір адамдай Жаратқан Иенің алдында тұрды. Келесі күні халық ерте тұрып, сол жерде құрбандық ұсынатын орын тұрғызды да, сонда шалынып, түгелдей өртелетін және (Құдаймен қарым-қатынастарына) ризашылық білдіретін құрбандықтарын шалды. Келесі күні отбасы ерте тұрып, Жаратқан Иеге ғибадат етті. Содан олар Рамақтағы үйлеріне қайта оралды. Елқанах Ханнамен жақындасқан кезде Құдай әйелдің тілегін ескеріп, жүзеге асырды. Содан Самуил рубасыларға: «Бүкіл Исраил халқын Миспаға жинаңдар! Сол жерде мен сендер үшін Жаратқан Иеге мінажат етіп сиынбақпын», — деп тапсырды. «Бізге билік айтатын патшамызды тағайындап беріңіз» деген сөздер Самуилге мүлдем ұнамады. Ол Жаратқан Иеге сиынып Оның еркін сұрады. Бұдан кейін Саул Жаратқан Иеге арнап құрбандық жасайтын орын тұрғызды. Ол мұны сол жолы алғашқы рет істеді.
Выбор основного перевода