Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт пен оның адамдары Құдайдың сандығын жаңа арбаға орнатып, Абинадаптың төбе басындағы үйінен алып шықты. Абинадаптың екі ұлы Ұза мен Ахио Құдайдың сандығы орналасқан арбаны бастап алып жүрді. Алдында жүрген Ахио болды. Дәуіт пен оның адамдары Құдайдың сандығын жаңа арбаға орнатып, Абинадаптың төбе басындағы үйінен алып шықты. Абинадаптың екі ұлы Ұза мен Ахио Құдайдың сандығы орналасқан арбаны бастап алып жүрді. Алдында жүрген Ахио болды. Осылайша Дәуіт Мысырдағы Шихор өзенінен солтүстіктегі Лебо-Хаматқа дейін мекендеп жатқан бүкіл Исраил халқын Келісім сандығын Кирият-Иғарымнан алып келуге жинады. Содан Дәуіт пен барлық исраилдіктер Бағалаға, яғни Яһуданың жеріндегі Кирият-Иғарымға, барды. Олар сол қаладан Құдай Иенің Келісім сандығын Иерусалимге алып келмек болды. Сандық Жаратқан Иеге бағышталған еді; Оның жер бетіндегі тағы (сандық қақпағындағы) екі керуб мүсінінің үстінде орналасқан.
Выбор основного перевода