Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Алайда перғауын апаттан құтылғанын көргенде жүрегін қайтадан қасарыстырып, Мұса мен Һаронның айтқандарына мойынсұнбай қойды. Осылай болатынын Жаратқан Ие алдын ала білдірген еді. Алайда перғауын бұл жолы да жүрегін қасарыстырып, халықты жібермей қойды. Бірақ перғауын бұршақ пен жаңбырдың әрі күннің күркіреуінің тыйылғанын көргенде, күнә жасауын әрі қарай жалғастырып, өзі де, нөкерлері де жүректерін қасарыстырып алды. Перғауын сол түні Мұса мен Һаронды шақырып алып:— Жолға жиналыңдар! Исраилдің үрім-бұтағын ертіп алып, халқымның арасынан аулақ кетіңдер! Барып, өз сөздеріңе сай Жаратқан Иеге ғибадат етіңдер! Мен мысырлықтардың жүрегін қасарыстырамын, олар арттарыңнан қуатын болады. Сонда Мен перғауынға, оның әскеріне, барлық соғыс күймелері мен атты жауынгерлеріне Өзімнің ұлылығымды көрсетемін.
Выбор основного перевода