Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Өйткені Мен сендердің Құдайларың Жаратқан Иемін. Мен киелімін, сондықтан сендер де Өзіме бағышталып, киелі болыңдар! Жер бетінде жорғалап жүретін ешбір мақұлықпен өздеріңді арамдаушы болмаңдар! Құдайларың болу үшін өздеріңді Мысыр елінен азат етіп алып шыққан Жаратқан Ие Менмін. Мен киелімін, сондықтан сендер де киелі болыңдар! Дәуіт сол күні: «Жаратқан Иенің сандығы қасыма қалайша келе алады?» — деп уайымдап Жаратқан Иеден қорықты. Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы,Қатты дауыспен сөктің сол жауларды,Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды:Соғыс күймелері және аттары. Сиондағы күнәкарлар үрейленіп, арсыздар дірілдеп қорқып былай деп жатыр: «Біздің қайсымыз осы жалмайтын отта тұра аламыз? Қайсымыз сөнбейтін отта аман қала аламыз?» — Бірақ Оның келетін сол күніне кім төзе алады? Ол келіп, ашық көрінген күні кім берік тұра алатын болады? Себебі Ол күмісті балқытып тазалайтын зергердің оты әрі мата ағартушының сілтісі сияқты әрекет етпек.
Выбор основного перевода