Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Бірақ філістір әміршілері Анхұсқа ашуланып, мынадай талап қойды:— Бұл адамды кері қайтар, сен өзіне белгілеген жерге қайта оралсын. Оның бізбен бірге шайқасқа шығуына болмайды. Әйтпесе ол ұрыс барысында бізге қарсы шыға келеді. Оған өзінің тақсыр иесінің рақымына қайтадан ие болу үшін біздің адамдардың бастарын алудан артық шара жоқ қой! Сонымен алдыңыздағы күңіңіз іштей: «Патша ием Құдайдың періштесі сияқты, жақсы мен жаманды дұрыс ажырата алатындықтан, патша иемнің сөздері жаныма тыныштық әкелсін!» деп ойлады. Лайым Құдайыңыз Жаратқан Ие сізге жар бола берсін! Бұл жайтты басқа қырынан көрсету үшін қызметшіңіз Жоғаб осыны істеп отыр. Ал жер бетінде болып жатқанның бәрінен де хабардар Құдайдың періштесінің дана екені іспетті, тақсыр ием де сондай дана, — деп жауап берді. Бірақ қызметшім мені патша иеме жамандап барыпты. Ал тақсыр ием Құдайдың періштесіндей дана. Нені дұрыс деп тапсаңыз, соны істей көріңіз.
Выбор основного перевода