Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Кейінірек Дәуіт філістірлермен бірге Саулға қарсы шайқасуға барған кезде Манаса руының кейбір адамдары Дәуіттің жағына өтті. Расында Дәуіт філістірлерді сол соғыста қолдаған емес, себебі філістір әміршілері өзара кеңесіп: «Дәуіт Саулдың жағына шығып кетіп, өздеріміз басымыздан айырылып жүрерміз», — деп, Дәуітті кері қайтарып жіберді. Күн өткен сайын Дәуіттің жасағына жаңа адамдар қосылып отырды, ақырында оның сарбаздарының тұрағы Құдайдың әскеріне ұқсаған қалың қолға айналды.
Выбор основного перевода