Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Дәуіт келесі күні таңертең төсектен тұрғанда, оның қызметіндегі Ғад пайғамбарға Жаратқан Ие сөзін арнап былай деген еді: Сол күні Ғад пайғамбар Дәуітке келіп: «Ебустік Орнаның астық бастыратын қырманына өрлеп барыңыз! Сол жерде Жаратқан Иеге арнап құрбандық ұсынатын орын тұрғызыңыз», — деді. Сонда Дәуіт Жаратқан Иенің бұйрығына сай солай қарай өрледі. Дәуіт патшаның істері басынан аяғына дейін Самуил, Натан, Ғад есімді пайғамбарлардың жазып қалдырған кітаптарында баяндалған. Ол леуіліктерге даңғыра, шертер, жетіген аспаптарын беріп, оларды Жаратқан Иенің ғибадатханасына тұрғызып қойды. Езекияның бұл істегені Дәуіт патшаның берген нұсқауларына, әрі Дәуітке Құдайдың хабарын жеткізген Ғад пен Натан пайғамбарлардың Жаратқан Иеден алған нұсқауларына сай болды.
Выбор основного перевода