Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Саул Дәуітті қай тапсырмамен жұмсамасын, ол бәрін де ақыл-парасатпен орындап шығатын. Сол себепті Саул оны бір топ сарбаздың басшысы етіп қойды. Бұл шешім бүкіл халыққа да, Саулдың нөкерлеріне де ұнады. Нөкерлер Дәуітке осы шартты білдіргенде, ол патшаның қызына үйленуді дұрыс көрді. Белгіленген күндер өтпей жатып, Дәуіт қарауындағы адамдарымен жорыққа аттанып, екі жүз філістірді өлтірді. Қызына үйлену үшін Дәуіт патшаға батырлық ісінің дәлелдерін түгелдей алып келіп берді. Сонда Саул оған қызы Михолды қосты. Жонатан әкесіне Дәуітті мақтай сөйлеп былай деді:— Патшам, қызметшіңіз Дәуітке қарсы күнә жасай көрмеңіз! Оның сізге жасаған ешбір жамандығы жоқ. Керісінше, істегендерінен өзіңіз көп жақсылық көрдіңіз. Ол сол філістірді өлтіргенде өз басын тәуекелге тікті. Бұл арқылы Жаратқан Ие бүкіл Исраилді жауынан құтқарды. Сіз осыны көріп, шаттанған едіңіз. Ендеше, неліктен себепсізден-себепсіз Дәуітті өлтіріп, жазықсыз жанға қарсы күнә жасамақсыз? өзінің төрдегі орнына жайғасты. Жонатан оның қарсысында, ал Әбенир жанында отырды. Дәуіттің орны бос тұрды.
Выбор основного перевода