Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сонда халық Жаратқан Иеден: «Сол адам тіпті мұнда келді ме екен?» — деп сұрағанда, Оның жауабы мынау болды: «Иә, ол қазір жүктің арасында жасырынып жатыр». — Сонда діни қызметкер беретін басқа тамағы болмағандықтан, Жаратқан Иеге ұсынылған нан тартуларын Дәуітке берді. Бұл киелі шатырдағы арнайы үстелге қойылып, кейін жаңадан пісірілген нанмен ауыстырылған, тек діни қызметкерлерге ғана жеуге болатын нан еді. Діни қызметкер:— Өзің Емен аңғарында көзін құртқан філістір Ғолияттың семсері бар. Әне, діни қызметкердің жеңсіз сырт киімінің ар жағында, қабымен ораулы жатыр. Алам десең, соны ал. Одан басқа бұл жерде семсер жоқ, — деп жауап берді. Дәуіт:— Оған тең келер семсер табылмас, маған соны-ақ бере қойыңыз, — деді.
Выбор основного перевода