Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Ие былай деп шақырады: «Келіңдер, мәселелеріңді талқылап, шындығына жетейік! Күнәларың ал қызыл болса да, рақым етіп, сендерді қардай аппақ қылмақпын. Қылмыстарың қан қызыл болса да, сендерді кешіріп, аппақ жүндей ағартпақпын. Уа, Исраил халқы, Жаратқан Иенің не айтқанын тыңдаңдар: «Орындарыңнан тұрып, істеріңді алдыма жайып салыңдар! Тау-төбелер соны тыңдап куә болсын. Сондай-ақ, уа, таулар, Жаратқан Иенің Исраилге тағатын айыбына да құлақ түріңдер! Уа, жердің берік негіздері, Оған құлақ салыңдар! Өйткені Жаратқан Ие өз халқына кінә тағады. Ол Исраилді айыптамақшы». «Уа, халқым, Мен сендерге не істедім? Сендерді немен қалжыраттым? Маған жауап беріңдер! Мен сендерді Мысыр елінен алып шығып, құлдықтың құрсауынан құтқарып азат еттім. Сендерді жетелеуге Мұсаны, Һарон мен Мәриямды жібердім. Уа, халқым, есіңе түсірші: Моаб патшасы Балақ қандай жоспар құрып, Беғор ұлы Балағам оған не деп жауап берген еді? Шиттимнен Ғылғалға көшкендеріңде жолшыбай не болды? Сол оқиғаларды естеріңе алыңдар, сонда Мен — Жаратқан Ие істеген әділ істерімді ұғатын боласыңдар».
Выбор основного перевода