Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Басқаның үйіне ие болуға сұқтанба!Оның әйеліне, құл-күңіне, өгіз-есегіне не өзге де ешқандай нәрсесіне заңсыз ие болуға сұқтанба!» Не әділдікті бұрмалаушы, не адамның бет-жүзіне қараушы, не пара алушы болмаңдар! Пара деген дананың көзін соқыр қылып, әділдің іс-әрекетін бұрмалайды. Мұса қатты ашуланып, Жаратқан Иеге сиынып: «Олардың сый-тартуларын қабылдай көрме! Мен олардан тіпті бір есек те алған жоқпын! Ешбіреуіне жамандық та істеген емеспін!» — деді. Самуил майға толған құтысын алып, одан Саулдың басына құйды. Оның бетінен сүйіп, былай деді:— Біліп қой, Жаратқан Ие сені Өзінің меншігінің басшысы етіп тағайындады! Бұдан кейін мұнысына да ар-ұжданының алдында ұят сезінді. Бірақ Дәуіт оған тыйым салып:— Оны өлтіруші болма! Жаратқан Ие тағайындаған патшаға қол көтерген адам айыпсыз қалмайды. Дәуіт оған:— Сен қалайша шімірікпестен Жаратқан Иенің тағайындаған патшасына қол көтеріп өлімге қидың?! Өз обалың өзіңе. Жаратқан Иенің тағайындаған патшасын өлтірдім деп өз аузыңмен айтып, үкіміңді өзің шығардың! — деді.Содан ол сарбаздарының бірін шақырып алып: «Мынаны өлтір!» — деп бұйырды. Сарбаз келіп, бұйрықты жүзеге асырды. Мен ешкімнен алтын-күміс, киім-кешек дәметкен емеспін.
Выбор основного перевода