Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Жаратқан Иенің сендерді сүйіп, таңдап алғанының себебі сендердің басқа халықтардан үлкен болғандықтарыңнан емес! Шынында сендер барлық халықтардың ішіндегі ең азы едіңдер. Қайта, Жаратқан Ие сендерді сүйгендігінен әрі ата-бабаларыңа берген антына бола ғана таңдап алды. Содан Өзінің құдіретті қолымен сендерді Мысыр патшасы перғауынның қолынан құтқарып, сол елдегі құлдықтан азат етіп, алып шықты. Себебі сендер Құдай Иеге бағышталған қасиетті халықсыңдар. Жер бетіндегі барлық халықтардың ішінен Жаратқан Ие сендерді Өзінің ерекше құнды меншігі болуға таңдап алды. Қанахандықтар және елдің басқа да тұрғындары мұны естіп, қоршап алып, атымызды жер бетінен өшіріп тастамай ма? Ендеше Өзіңнің ұлы атыңды қорғау үшін не істемексің? — Мен исраилдіктердің арасында тұратын боламын, әрі халқым Исраилді ешқашан тастап кетпеймін!» Құдайымыз Жаратқан Ие ата-бабаларымызбен бірге жүріп жар болғанындай, бізге де жар болып, ешқашан бізді тастап та кетпесін, жалғыз да қалдырмасын! Себебі Жаратқан Ие өз халқынан бас тартпайды,Таңдаған меншігін Ол жалғыз қалдырмайды. Бірақ құдіретті күшін таныту үшінӨз атына бола Құдай құтқарды халқын. Ұлы атыңның шығуы үшін бізден кері бұрыла көрме! Жер бетіндегі салтанатты тағың — киелі үйіңнің қорлануына жол бере көрме! Бізбен жасаған Келісіміңді есіңде ұстап, бұза көрме! Бірақ исраилдіктердің айналасында тұрып жатқан халықтардың алдында өз есімімнің қорланбауы үшін арнайы шара қолдандым. Өйткені Мен исраилдіктерді Мысырдан солардың көзінше алып шығып, оларға Өзімді аян етіп танытқан едім. Ал исраилдіктердің айналасында тұрып жатқан халықтардың алдында өз есімімнің қорланбауы үшін Мен солай істемедім. Өйткені халқымды Мысырдан солардың көзінше алып шыққан едім. Бірақ Мен есімімнің басқа халықтардың алдында қорланбауы үшін солай істеуден бас тарттым. Себебі халқымды Мысырдан алып шыққанда сол халықтар Менің құдіретімді көрген болатын. Ал енді мынаны сұрайын: «Құдай өз халқынан біржола бас тартты ма?» Жоқ, мүлдем олай емес! Мен өзім де исраилдікпін, Ыбырайымның ұрпағынан, Бунямин руынан тарағанмын. (Алайда Мәсіхке сенемін.) Демек, Құдай баяғы заманда ерекше таңдап алған халқынан біржола бас тартқан жоқ. Ілияс пайғамбар туралы Пайғамбарлар жазбаларында не айтылғаны естеріңде ме? Ол Құдай алдында Исраил туралы былай деп шағым айтқан: Ал сендер өздеріңді қара түнектен тамаша нұрына шақырған Құдайдың қасиеттілігі мен ұлы істерін мадақтап жариялауға таңдалған нәсілсіңдер. Патшаның діни қызметкерлері, Оған бағышталған қасиетті ұлт — Құдайдың меншікті халқы болдыңдар!
Выбор основного перевода