Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Уа, бүкіл філістір елі, сені ұратын таяқ сынғанмен, шаттануыңа себеп жоқ. Бір жылан өлген кезде оның орнына улы сұр жылан келеді. Улы сұр жыланның жұмыртқасынан атылып, шағып алатын оқ жылан шығады. Мұнда Жаратқан Иенің філістірлер туралы Еремия пайғамбарға арнаған сөзі берілген. Сол кезде перғауын Газа қаласын әлі жаулап алмаған болатын. Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: «Газа қаласының халқы көптеген зұлым істер істеп келеді. Сондықтан Мен оларға шығарған үкімімді жоймаймын. Газалықтар (Яһудадағы) елді мекендердің бүкіл халқын тұтқынға алып, Едомға сатып жіберді. Сол үшін Мен Газа қаласының қабырғаларына от жіберемін. Сол от оның сарайларын жалмап қояды. Мен Азоттың тағында отыратынды және Ашқалонның билеушісін жайратамын, Әкронға да қарсы құдіретті қолымды созамын. Сонда філістірлердің тірі қалғандары да құриды», — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. Тұр да, бидайды бастыр, уа, Сион қаласы! Мен саған сол үшін темір мүйіз әрі қола тұяқ секілді құрал-сайман беріп отырмын. Сонда сен көптеген халықтарды быт-шыт қылып қиратасың. Олардың арамдықпен жинаған өнімдерін енді Жаратқан Иеге бағыштайсың. Иә, солардың байлықтарын бүкіл жер бетінің Иесіне ұсынасың». Жаратқан Иенің періштесі осы сөздерді барлық исраилдіктерге айтқан кезде халық дауыс көтеріп зарлай бастады.
Выбор основного перевода