Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бұл — Тир туралы ауыр хабар:Зар еңіреңдер, уа, алып сауда кемелеріндегі теңізшілер! Тир қаласы талқандалып, үйлері мен айлағы ғайып болды». Кемелер Кипр аралынан жеткенде осы апат туралы біліп алды. Сол әміршілер сен жайлы жоқтау айтып былай дейтін болады:Уа, теңізшілер мекені, әйгілі қала,Күйреп жоқ болып кеттің сен қалай ғана!Халқың теңізді кезіп мықты болатынсың,Жағалау халықтарына үрей туғызатынсың. Саудаңды әділетсіз жасап, көптеген қылмыстарыңмен ғибадатханаларыңды арамдадың. Сондықтан Мен ортаңнан от шығарып, ол сені жалмап қояды. Осылай Мен өзіңе қарап тұрғандардың көзінше сені күлге айналдырып, құртатын боламын.
Выбор основного перевода