Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сен Құдай Иеңнің қолында патшаның керемет әдемі тәжі іспетті болып көрінесің. Жаратқан Иенің мына сөзін тыңдаңдар, ей, халықтар! Теңіз жағалауларына да оны жариялаңдар: Исраилді шашыратқан Құдайы оны қайтадан жинап алады! Малшының отарын баққанындай, Ол да халқын солай бағып қорғайтын болады. Өйткені Жаратқан Ие Жақыптың үрім-бұтағын құлдықтан азат етеді, Ол Исраил халқына қамқорлық жасап, оларды қуатты жауларынан құтқарып алады. Қойшы қамқорлығындағы жайылып, бытырап кеткен қойларына назарын аударып, оларды іздеп, тауып алатынындай, Мен де «қойларымды» іздеп, табамын. Иә, бұлтты да қараңғы күні халқым бытырап кеткен жан-жақтағы барлық жерлерден Мен оны құтқарып аламын. Мен «ізгі Бағушымын»: ізгі Бағушы қойлары үшін жанын қияды. Құдайдың рухани үйінің елшілер мен пайғамбарлар салған іргетасының үстіне сендер де «тірі тас» іспетті қаландыңдар. Осы «үйдің» ең негізгі және басты «Тасы» — Иса Мәсіхтің Өзі.
Выбор основного перевода