Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Тир мен Сидон елдерін ешкімнің қолдай алмауы үшін філістірлердің көздерін жоятын уақыт келді. Жаратқан Ие ежелде Крит аралының жағалауынан келіп, қоныстанған осы халықтың тірі қалғандарын құртуға шешім қабылдады. Мына хабар Дамаск туралы берілген: «Хамат пен Арпад қалалары суық хабар естіп, үрейлене түңіліп отыр. Олар қорқып уайымдап, қобалжып жатқан теңіздей маза таппауда. Әрине, сен Даниялдан да дана екенсің. Саған беймәлім бірде-бір құпия жоқ екен. Өзіңнің даналығың мен ақыл-парасатың арқылы байлыққа қол жеткізіп, қазына қоймаларыңа алтын-күмісті молынан жинап алыпсың. Расында да сауданы жетік білуіңмен сен байлық-дәулет пен күш-қуатыңды нығайттың. Содан да жүрегің мейлінше менменсіп кетті». «Ей, пендем, Тир патшасын жоқтап, оған былай де: Жаратушы Тәңір Ие мынаны айтады: Сен даналыққа кенелген, мінсіз келбетті әрі кемелділіктің үлгісі болатынсың. Мен бүкіл таулы елімде Гогқа қарсы семсерді жіберемін, әркімнің семсері өзінің серігіне қарсы жұмсалатын болады, — деп ескертеді Жаратушы Тәңір Ие. — Қална қаласына барып, қараңдар! Сол жерден үлкен Хамат қаласына, содан філістір еліндегі Ғатқа да барыңдар! Өз патшалықтарың олардан артық па? Әлде олардың жерлері сендердікінен кең-байтақ болды ма? (Әрине, жоқ. Әйтсе де, жау оларды талқандады.)
Выбор основного перевода