Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Бұл елге Құдайларың Жаратқан Иенің Өзі қамқорлық жасайды. Жылдың басынан аяғына дейін Ол сол елді ұдайы назарында ұстайды. Сонымен қатар Жаратқан Ие сендерді ақыл-естеріңнен айырып, соқыр қылып, абыржытатын болады. Сен «Мына киелі үйді өз атыммен атаймын» деп сөз бергендіктен, оған күні-түні қамқор бола гөр. Уа, Ием, алдыңдағы қызметшіңнің бұл жерге қарай Өзіңе бағыштаған мінажатына құлақ аса гөр. Жаратқан Ие әділдерге назар аударады,Өзіне жалынған оларға құлақ салады. Уа, Жақыптың сиынатын Құдайы,Қатты дауыспен сөктің сол жауларды,Сонда бәрі тып-тыныш тұра қалды:Соғыс күймелері және аттары. Мен сені кері айналдыра бұрып, жақ сүйегіңе қармақ саламын. Сені бүкіл әскеріңмен, толық жарақтанған, үлкенді-кішілі қалқандарын ұстанып, семсерлерін сілтеген салт аттыларыңмен және күймешілеріңмен бірге еліңнен шығарып, алып келемін. Мен Солтүстік Исраилден соғыс күймелерін, Иерусалимнен де атты әскерді аластатамын. Соғыс садақтары сындырылады. Сол Патша барлық халықтарға тыныштық жариялайды. Ол билігін теңізден теңізге дейін, үлкен Евфрат өзенінен жердің шетіне дейін жүргізеді.
Выбор основного перевода