Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Мен шөлдеген жерді суға кенелтіп, кеуіп қалған далаға суды тасқындатып ағызамын. Ұрпақтарыңның үстіне Рухымды құйып, оларға жарылқауымды жаудыра беремін. Уа, халқым, қайғырып азалы киім киіп, күлге аунаңдар! Жалғызы өлген адамдай жоқтап, еңіреп жылаңдар! Өйткені құртушы жау бізге аяқ астынан бас салады. Олар қуаныштан жылап, Маған мінажат етеді; Өзім оларды өзен бойымен бастап, тегіс жолдармен сүріндірмей алып жүремін. Өйткені Мен Исраилдің рухани Әкесімін, әрі Ефрем — Менің тұңғышым іспетті». Сол кездері Солтүстік Исраил мен Яһуданың халқы екеуі бірдей көз жастарын төгіп, Маған — өз Құдайлары Жаратқан Иеге қайтадан бет бұрып сиынады, — дейді Жаратқан Ие. — Осылардан кейін Мен өз Рухымды бүкіл адамзаттың үстіне құямын. Ұл-қыздарың пайғамбарлық сөз айтады, қарттарың түс, жас жігіттерің аян көреді. «Біліп алыңдар, Мен сол оқиғалар болатын заманда Яһуда елі мен Иерусалимнің тұтқында жүрген халқын қайтарып, игілікке кенелтемін. Көңілді мейрамдарыңды қайғыру уақытымен, әрі қуанышты әндеріңді жоқтаумен алмастырамын. Сендерге азалы киім киіндіріп, қайғыдан шаштарыңды тақырлап алып тастатамын. Бұл жалғыз ұлдың өліміне жоқтау айтқанға ұқсайды. Иә, оның ақыры өте ащы болады!» Пайғамбарлар жазбаларының тағы бір жерінде: «Олар өздері түйреген Кісіге қарайтын болады» делінген. Сол күндері Мен тіпті құл-күңдерімнің үстіне Киелі Рухымды төгемін. Сонда олар да пайғамбарлық сөз айтады. Біліп алыңдар, Мәсіх бұлттармен қайтып келеді!Әркім де, Оны түйрегендер де Мәсіхті көзімен көреді,Жер бетіндегі барлық рулар үрейленеді,Ол туралы қайғырып, жылап еңірейді.Иә, ол солай болады да! Аумин.
Выбор основного перевода