Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Сіз мүсінге қарап тұрған кезде бір дәу тас жартастан қашалып жасалды. Мұны жасаған адам баласы емес еді. Сол дәу тас мүсіннің жартылай темір, жартылай қыш аяқтарына келіп соғылып, оларды қиратып тастады. Сонда мүсіннің темірі мен қышы, қоласы, күмісі және алтыны бәрі бірдей быт-шыт болып сынып қалды. Олар жаздыгүні астық бастыратын қырмандағы бидай қауызындай соққан желмен ұшып кетіп, із-түзсіз ғайып болды. Ал мүсінге соғылған дәу тас орасан зор тауға айналып, бүкіл жер бетін толтырды. Алайда сол патшалардың заманында көктегі Құдай бір Патшалықты орнатады. Сол патшалық ешқашан күйремейді, Құдай бөтен халықтың оны жаулап алуына да жол бермейді. Қайта, осы Патшалық басқа барлық патшалықтарды біржола қиратып, өзі мәңгі берік тұрады. Адам баласы емес, басқа біреу жартастан қашап жасаған дәу тасты көрген едіңіз ғой. Оның темір, қола, қыш, күміс және алтынды қиратқаны осыны бейнелейді.Сонымен Ұлы Құдай келешекте не болатыны туралы сізге білдіріп отыр, уа, патша ағзам. Көрген түсіңіз сенімді, түсіндірмесі де дәл. — Халықтар тұрып, Жаратқан Иенің Соттау аңғарына өрлеп келсін! Мен сонда отырып, айналадағы барлық халықтарды соттайтын боламын. Себебі Мен барлық халықтарды Иерусалимге қарсы соғысуға жинаймын. Қала олардың қолына түсіп, жау әскері ондағы үйлерді талан-таражға салып, әйелдерді зорлап масқаралайтын болады. Қала тұрғындарының жартысы жер аударылып әкетіліп, қалғандары қалада қалдырылады. Менің атымды мойындағандарыңа бола барлық жұрт сендерді жек көретін болады. Ал ақырына дейін табандылық танытқан әркім құтқарылады. Ал әлгі Тасқа сүрініп құлаған әркім талқандалады, әрі осы Тас үстіне құлағандар жаншылып қалады! Әлгі Тасқа сүрініп құлаған әркім талқандалады, әрі осы Тас үстіне құлағандар жаншылып қалады!
Выбор основного перевода