Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
Параллельные места
Жосия патшалық құрған кезде бірде Мысыр патшасы Нехо перғауын Ассур патшасын қолдау үшін Евфрат өзеніне қарай аттанды. Сонда Жосия патша перғауынға қарсы шықты. Бірақ ол перғауынның әскерімен Мегидо қаласының маңында болған шайқаста оқтан қаза тапты. Бірақ Жосия алған бетінен қайтпай, перғауынмен соғысуға дайындалды. Ешкім танымасын деп, өзі қарапайым киініп алды. Осылай ол Құдайдың Нехо арқылы жеткізген бұйрығына құлақ аспай, Мегидо қаласының маңындағы жазықта перғауынмен ұрысқа кірісті. Сол жерде Жосияға садақшылардың оғы тиіп, ол нөкерлеріне: «Мені шайқастан алып шығыңдар, қатты жараландым!» — деп бұйырды. Олар патшаны соғыс күймесінен дайын тұрған өзге күймесіне жатқызып, Иерусалимге алып барғанда, ол қайтыс болды. Оның мәйіті ата-бабаларының бір қабіріне қойылды. Бүкіл Яһуда мен Иерусалимнің халқы Жосияны жоқтап, аза тұтты. Еремия пайғамбар Жосия туралы жоқтау жырын шығарды. Осы күнге дейін еркек, әйел әншілер Жосия марқұмға арналған жоқтау жырларын айтып келеді. Бұларды орындау Исраилде дәстүрге айналды. Олар Жоқтау жырларының жинағына енді.
Выбор основного перевода