Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Мен бүгін сендерге қарсы көк пен жерді айғақ болуға шақырып отырмын: таңдап алуларың үшін өмір не өлім, жарылқау не қарғыс әкелетін жолдарды алдарыңа жайып салдым. Ендеше өмірді таңдап алсаңдар ғой! Осылай өздерің де, ұрпақтарың да аман-есен өмір сүріп, Құдайларың Жаратқан Иені сүйсеңдер, Оның дауысына құлақ салып, Онымен тығыз байланыста тұрсаңдар, шіркін! Себебі шынайы өмірлерің осы. Сонда Жаратқан Ие ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ, Жақыпқа антпен уәде еткен елінде өздеріңді ұзақ уақыт мекендететін болады. оларға былай деді: «Мен бүгін сендерге нықтап айтқан осы сөздерді түгелдей жүректеріңе жазып, жаттап алыңдар! Содан бұл Таурат заңының барлық сөздерін балаларыңа үйретіп, сақтап орындауды өсиет етіңдер! Сол бұйрықтар жай сөздер емес, олар сендерге (рухани игілікке толы) өмірді алып келеді. Оларды ұстанатын болсаңдар, Иорданның арғы жағындағы иемденгелі тұрған елдегі өмірлерің ұзақ болады». Құдай адамға былай деді: «Даналық —Жаратқан Иені терең қастерлеуЖәне нағыз ақыл-парасаттылық —Зұлымдық атаулыдан алшақ кету». Даналықтың бастауы — терең қастерлеуЖаратқан Иені әрі Оған шын бағыну,Мұны ұстанған әркім парасатты болады.Иеміз мәңгі бақи мадақталады! Даналықтың бастауы — Жаратқан ИеніТерең қастерлеп, Оған мойынсұну,Һәм ақыл-парасат — Киелі ҚұдайдыЖәне Оның еркін жақыннан тану.
Выбор основного перевода