Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Сондықтан исраилдіктерге барып, мына сөздерімді жеткіз: «Мен Жаратқан Иемін, сендерді мысырлықтардың езгісінен азат етемін. Мен қолымды созып, құдіретті істеріммен мысырлықтарды соттап, жазалау арқылы өздеріңді құлдықтан құтқарып аламын. Алайда Мен перғауынның жүрегін қасарыстырып қоямын. Мен Мысыр елінде көптеген ғажап істер мен кереметтерім арқылы Өзімнің кім екенімді дәлелдесем де, Мұса халыққа былай деді:— Құлдықтың құрсауы — Мысырдан құтылған осы күнді еске алып отырыңдар. Өйткені Жаратқан Ие сендерді Өзінің құдіретті қолымен сол жерден бастап алып шықты. Осы күні ашытқымен дайындалған тамақ жемеңдер! Сондықтан да Құдайларың Жаратқан Иенің шынымен Құдай екенін біліп алыңдар! Өзін сүйіп, өсиеттерін ұстанғандардың тіпті мыңыншы ұрпағына да Ол Өзінің Келісімін сақтап, рақымын төгетін болады. Жаратқан Ие бізді Мысыр елінен өзінің алға созылған құдіретті қолымен, жауға үлкен қорқыныш жіберіп, кереметтер мен ғажап істер жасап алып шықты. Осылайша Мұса бүкіл Исраил халқының көз алдында Жаратқан Иенің зор құдіретін көрсетіп, үрейлі іс-әрекеттерді жасады.
Выбор основного перевода