Выбор основного перевода
Открыть комментарий или сравнить с другим переводом
Выбор книги основного перевода
Параллельные места
Құдай Иеміз өздеріңе нұсқаған жолмен жүріңдер! Сонда сендер тірі қалып, иемденгелі тұрған елде игілікті де ұзақ өмір сүретін боласыңдар. Мен бүгін өздеріңе табыстап отырған осы өсиеттердің барлығын берік сақтап орындайтын болыңдар! Сонда сендер тірі қалып, өсіп-өніп, Жаратқан Ие ата-бабаларыңа антпен уәде еткен елге еніп, оны иемдене аласыңдар. Әділдікке, тек әділдікке ғана ұмтылыңдар! Сонда тірі қалып, Құдай Иенің өздеріңе табыстап отырған елін иемденетін боласыңдар. Сендерге бүгін Құдайларың Жаратқан Иені сүйіп, Оның жолдарымен жүріп, өсиеттерін, ережелерін және шешімдерін орындауды тапсырамын. Егер осылай істесеңдер, қазір кіріп, иемденгелі жатқан елде Құдай Иеміз сендерді жарылқап, осылайша аман-есен өмір сүріп, өсіп-өнетін боласыңдар. Мен бүгін сендерге қарсы көк пен жерді айғақ болуға шақырып отырмын: таңдап алуларың үшін өмір не өлім, жарылқау не қарғыс әкелетін жолдарды алдарыңа жайып салдым. Ендеше өмірді таңдап алсаңдар ғой! Осылай өздерің де, ұрпақтарың да аман-есен өмір сүріп, Оларға өз ережелерімді табыстап, шешімдерімді жарияладым. Өйткені оларды орындайтын адам солар арқылы өмір сүреді.
Выбор основного перевода